Accessibility links

АҚШ Немцовқа жасалған қастандықты айыптады


Борис Немцов кісі қолынан қаза тапқан Мәскеу ауданы.
Борис Немцов кісі қолынан қаза тапқан Мәскеу ауданы.

Ақ Үйдің қауіпсіздік кеңесі Twitter парақшасында "АҚШ Борис Немцовқа жасалған қатыгез қастандықты айыптайды" деп мәлімдеді. Қауіпсіздік кеңесінің тағы бір твитінде: "Біз Ресей үкіметін жылдам, бейтарап, ашық тергеу-тексеру жасап, айыптыларды сотқа тартуға шақырамыз" деп жазылған.

55 жастағы ресейлік оппозициялық саясаткер Борис Немцов ақпанның 27-сі күні кешкісін Мәскеудің орталығында белгісіз қарулы адамның қолынан оққа ұшқан. Ресей президенті Владимир Путин қастандық жасаушыларды айыптап, бұл қайғылы оқиғаны "арандату" деп сипаттаған. Немцовтың қорғаушылары мен жақындары оның өліміне "оппозицияға қарсы қоғамдық агрессияны өршіткен билік кінәлі" деп санайды.

XS
SM
MD
LG