Accessibility links

Ресей оппозициясы Мәскеуде қаралы шеру өткізбек


Ресей оппозициялық саясаткері Борис Немцов.

Ресей оппозициялық саясаткері Борис Немцов.

Ресей оппозициясы қастандық құрбаны болған оппозициялық саясаткер Борис Немцовтың қазасына байланысты наурыздың 1-і күні Мәскеудің орталығында қаралы шеру өткізеді. Бұл туралы жұма күні түнде шұғыл өткізілген отырыста РПР-ПАРНАС партиясының теңтөрағасы Михаил Касьянов мәлімдеді.

«Борис Немцовты Кремльдің іргесінде өлтіріп кетуіне байланысты Марьинодағы шерудің орнына Мәскеу орталығында қаралы акция өтеді» деді Касьянов.

Михаил Касьяновтың сөзі

Борис Немцовтың қазасына байланысты қаралы жиындар сенбі күні Ресейдің басқа да қалаларында өткізілмек.

Ресейдің оппозициялық саясаткері Борис Немцовқа ақпанның 27-сі күні кешкісін Мәскеудің орталығында белгісіз біреулер оқ атқан. Тергеушілердің айтуынша, ту сыртынан төрт оқ тиген 55 жастағы саясаткер оқиға орнында қаза болған. Қылмыскерлер ашық түсті автокөлікпен оқиға орнынан із жасырған деп хабарлады полиция өкілі.

Бұған дейін Ресей оппозициясы жексенбі, наурыздың 1-і күні Мәскеуде «Весна» қарсылық шеруін өткізуді жоспарлаған еді. Наразылық шарасын ұйымдастырушылар қатарында Борис Немцов та болған.

XS
SM
MD
LG