Accessibility links

Алматыдан 254 шақырымда жер сілкінді


Жер сілкінісін тіркейтін аспаптың жазбасы. (Көрнекі сурет)
Жер сілкінісін тіркейтін аспаптың жазбасы. (Көрнекі сурет)

Бүгін таңертең Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 254 шақырым қашықтықта жер сілкінісі тіркелді деп хабарлайды Қазақстан білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық әдістемелік-зертханалық орталығы.

«Ақпанның 28-і Алматы уақытымен 5 сағат 59 минут 24 секундта Қазақстанмен көрші Қырғызстан аумағында 4,2 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы 10 километр тереңдікте болған» делінген орталық сайтында жарияланған ақпаратта.

Жер сілкінісінің дүмпуі Алматы аймағында сезілмеген. Зардап шеккендер мен қираған нысандар жайлы ақпарат түспеген.

XS
SM
MD
LG