Accessibility links

"Астана" командасы UCI хатымен танысты


"Астана" командасының спортшылары "Тур-де-Франс" жарысының ашылу салтанатында. 27 шілде, 2013 жыл.

"Астана" командасының спортшылары "Тур-де-Франс" жарысының ашылу салтанатында. 27 шілде, 2013 жыл.

"Астана" велокомандасы Халықаралық велоспорт одағының (UCI) бұл велокоманданы әлемдік турларға қатысу лицензиясынан айыру жөнінде лицензиялық комитетке жолдаған хатымен танысқанын мәлімдеді.

Бүгін таратқан команданың ресми мәлімдемесінде "клуб өз заңгерлерімен кеңесіп, лицензиялық комитет алдында түсінік беру үшін құжаттар дайындайтынын" және Лозаннадағы халықаралық арбитраждық сотқа шағымдануға да мүмкіндіктері бар екенін жазған.

UCI жұма күні Лозанна университеті спорт ғылымы институтының (ISSUL) "Астана" клубындағы антидопинг ережесі және команданы басқару жүйесіне қатысты жүргізген тексеруінен кейін команданы лицензиясынан айыруға ұсыныс жасаған.

Егер "Астана" командасы 2015 жылғы жарыстарға қатысу лицензиясынан айырылса, "Тур де Франс", "Джиро д'Италия", "Вуэльта" сияқты халықаралық жарыстарға бара алмайды.

2014 жылы "Астана" командасының мүшелері - ағайынды Максим және Валентин Иглинскийлер допингпен ұсталған еді. ​"Астана" командасы жанындағы Astana Continental Team жас велоспортшылар клубының мүшелері Артур Федосеев, Виктор Окишев пен Илья Давиденок те допинг қолданды деген айыппен команда құрамынан шығарылған.

  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    1990 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген.

    Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің жас репортері.

    "Спорт", "Қазақ спорты" газеттерінде, "Алматы" телеарнасында журналист-репортер болған. 2012 жылдан бері "Азаттық" радиосының тілшісі. Сочи - 2014 қысқы және Рио - 2016 жазғы олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG