Accessibility links

Украина ресейліктер үшін жаңа ереже енгізді


Ресей паспорты. (Көрнекі сурет)
Ресей паспорты. (Көрнекі сурет)

Наурыздың 1-інен бастап Украина аумағына келетін Ресей азаматтарының қолында шетелдік паспорты болуы шарт.

Жаңа өзгеріс биыл ақпанның басында үкімет жетекшісі Арсений Яценюк қол қойған қаулыға сәйкес қолданысқа енгізіліп отыр. Бұған дейін Украинаға ресейліктер өз еліндегідей жеке басын куәландыратын құжатты көрсетіп кіре беретін.

Киевтің мәлімдеуінше, мұндай шектеу Украина мен Ресей арасындағы шекарадағы бақылауды айтарлықтай күшейтіп, ұлттық қауіпсіздік мүддесін қорғау үшін енгізіліп отыр.

XS
SM
MD
LG