Accessibility links

Назарбаев ҚХА-ның 20 жылдығымен құттықтады


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың суреті бар жарнама қасынан өтіп бара жатқан әйел. Алматы, 16 ақпан 2015 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың суреті бар жарнама қасынан өтіп бара жатқан әйел. Алматы, 16 ақпан 2015 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына (ҚХА) 20 жыл толуымен ел азаматтарын құттықтады.

«Қазақстан халқы Ассамблеясы – бейбітшілік пен келісімнің, қасиетті Отанымызда өмір сүріп жатқан барлық этностар достығының ең басты және берік іргетасы. Ол елдігіміздің қалыптасу, Тәуелсіздігіміздің нығаю тарихында, Қазақстан Республикасының Конституциясын жалпы халық болып қабылдауда, терең экономикалық реформалар жүргізуде және қоғамымыздың әлеуметтік және саяси негізін ауқымды жаңғыртуда айрықша рөл атқарды» делінген президент құттықтауында.

ҚХА кеше Назарбаевтан алдағы өтетін кезектен тыс президенттік сайлауға қатысуын сұрағаны хабарланған еді. Назарбаев сәрсенбі күні биыл 26 сәуірде елде кезектен тыс президент сайлауын өткізу туралы жарлыққа қол қойғанын мәлімдеген.

Кезектен тыс президент сайлауын өткізу туралы бастаманы ақпанның 14-інде Астанада өткен кеңесте Қазақстан халқы ассамблеясы көтерген. Ассамблея ұсынысын парламент мәжілісі мен сенаты, саяси партиялардың көпшілігі қолдаған.

Президент Назарбаев өзі басқаратын Қазақстан халқы Ассамблеясын 1995 жылы наурыздың 1-і күні өз жарлығымен құрған. Бұл ұйым президент жанындағы кеңесші орган болып табылады.

XS
SM
MD
LG