Accessibility links

Алматыдан 187 шақырымда жер сілкінді


Көктөбеден қарағандағы Алатау баурайы. (Көрнекі сурет)

Көктөбеден қарағандағы Алатау баурайы. (Көрнекі сурет)

Бүгін түнде Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 187 шақырым қашықтықта жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Қазақстан білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық әдістемелік-зертханалық орталығы хабарлайды.

«Наурыздың 1-і Алматы уақытымен 00 сағат 9 минут 24 секундта Қазақстанмен көрші Қырғызстан аумағында 4,5 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді» деп хабарлады орталық сайтында жарияланған ақпаратта.

Орталық дерегі бойынша, жер сілкінісінің ошағы бес километр тереңдікте болған.

Жер сілкінісінің дүмпуі Алматы өңірінде сезілмеген және зардап шеккендер мен қираған нысандар жайлы ақпарат түскен жоқ.

XS
SM
MD
LG