Accessibility links

Ресей тұтқын Савченконың күзетін күшейтті


Адвокат Илья Новиков (сол жақта) және Надежда Савченко (оң жақта) Басман аудандық сотында. Мәскеу, 10 ақпан 2015 жыл.
Адвокат Илья Новиков (сол жақта) және Надежда Савченко (оң жақта) Басман аудандық сотында. Мәскеу, 10 ақпан 2015 жыл.

Мәскеу түрмесінде 75 күннен астам уақыт аштық жариялап жатқан украиналық ұшқыш Надежда Савченко «қайтыс болған» деген ақпарат тараған соң, тұтқынның күзеті күшейтілген. Бұл туралы бүгін ресейлік РЕН-ТВ телеарнасы хабарлады.

Савченконың «қайтыс болғаны» туралы ақпаратты Ukraine-news сайты жариялап, біраз уақыттан соң алып тастаған. Савченконың адвокаты Николай Полозов Twitter әлеуметтік желісі арқылы «Савченконың қайтыс болғаны» жайлы ақпаратты жоққа шығарған.

Надежда Савченко бұрынғысынша Мәскеудегі «Матросская тишина» тергеу абақтысының медициналық бөлімінде жатыр. Ол былтыр желтоқсанның 13-і күні өзін қамауда ұстауға қарсылық ретінде аштық акциясын жариялаған. Соңғы екі аптада Савченко глюкоза екпесін қабылдаудан бас тартқан.

Ресей тергеу орындары оған Луганск маңындағы қаза тапқан ресейлік екі журналистің өліміне қатысты айып таққан. Надежда Савченко журналистер өліміне кінәсі жоғын айтып, тағылған айыптарды жоққа шығарған. Ол өзін сепаратистер ұстап, Ресей билігіне тапсырған деп мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG