Accessibility links

Мәскеудегі жиында КПРФ үкіметтің кетуін талап етті


Ресей коммунистік партиясынан (КПРФ) мемлекеттік думаға сайланған депутат Валерий Рашкин.

Ресей коммунистік партиясынан (КПРФ) мемлекеттік думаға сайланған депутат Валерий Рашкин.

Мәскеуде бүгін наразылық акциясын өткізген Ресей коммунистік партиясы (КПРФ) үкіметтің отставкаға кетуін талап етті.

«Бос қалталар маршы» атты бұл акцияға, ұйымдастырушылардың есебі бойынша, жеті мыңға жуық адам қатысқан. Полиция жиынға үш мыңдай адам қатысқан дейді. Шеруге шыққандар қолдарына қара түсті шарлар, бос ыдыс-аяқ ұстап тұрды.

КПРФ партиясынан Ресей мемлекеттік думасына сайланған депутат Валерий Рашкин жиындағы сөзінде қазіргі үкіметтің іс-әрекеті тұрғындардың жинаған ақшасы мен еңбекақыларын құнсыздандырып жіберді деп мәлімдеген.

Митингке келген тұрғандардың кейбірі бүгінгі акцияға қатысқандары үшін өздеріне ақша төлеуге уәде берілгенін айтады. «Дождь» телеарнасына екі жас азамат бұл шараға әрқайсысы 200 рубль «табу үшін» келгенін айтса, тағы бір қыз өзіне 250 рубль төлеуге уәде бергені жайлы мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG