Accessibility links

ЕКПА Немцовтың өлімін ашық тергеуге шақырды


Ресей милиционерлері оппозициялық саясаткер Борис Немцовты әкетіп барады. Мәскеу, 31 тамыз 2010 жыл.

Ресей милиционерлері оппозициялық саясаткер Борис Немцовты әкетіп барады. Мәскеу, 31 тамыз 2010 жыл.

Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясы (ЕКПА) ресейлік оппозициялық саясаткер, Ресейдің бұрынғы вице-премьері Борис Немцовтың қастандықпен өлтірілуін айыптады. ЕКПА төрағасы Анн Брассердің мәлімдемесінде, Кремльдің іргесінде жасалған қылмысты жан-жақты және ашық тергеу жүргізу қажеттігі айтылған. "Ресейдегі демократияның болашағы үшін мұндай саяси кісі өлтіру қылмысы жазасыз қалмауы тиіс" деген Брассер.

Ол Немцовты Еуропа Кеңесінде ресейлік оппозиция көзқарасын білдіріп бірнеше рет сөйлеген, демократиялық құндылықтарды батыл қорғайтын саясаткер ретінде атаған. Анн Брассер марқұм Борис Немцовтың туған-туыстары мен серіктеріне қайғыға ортақтасып, көңіл айтқан.

Бұған дейін Борис Немцовтың қазасына байланысты Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы парламенттік ассамблеясының (ЕҚЫҰ ПА) төрағасы Илкка Канерва суық хабар өзін есеңгіретіп тастағанын мәлімдеген. Ол Ресей билігін бұл қылмыстың барлық жай-жапсарын анықтап, кісі өлтіруді ұйымдастырғандар мен орындаушыларды тауып, әділ сотпен жазалауға шақырған.

XS
SM
MD
LG