Accessibility links

Хабаровскіде Немцовты еске алу акциясы өтті


Борис Немцовты еске алуға келгендер. Хабаровск, 1 наурыз 2015 жыл.
Борис Немцовты еске алуға келгендер. Хабаровск, 1 наурыз 2015 жыл.

Ресейдің Хабаровск қаласында бүгін оппозициялық саясаткер Борис Немцовты еске алуға арналған шағын акция өткен. Оған қатысқан жергілікті ондаған азаматтық белсенді марқұмды бір минут үнсіздікпен еске алған. Билік жиынды өткізуге бөгет жасамаған, бірнеше полиция қызметкері шараны сырттай бақылап тұрған.

Белсенділер саясаткердің суретіне гүл шоқтарын қойып, шырақ жаққан. Бас-аяғы бірнеше минутқа созылған акция кезінде ешкім сөз сөйлемеген.

Шараны ұйымдастырушылардың бірі Виталий Блажевичтің айтуынша, акцияны өткізу туралы шешім сенбі күні қабылданған.

«Мен саясаткер де, саясатттанушы да емеспін. Немцовтың өлімі Ресей болашағына қалай әсер ететінін де тап басып айта алмаймын. Бірақ мен ар-ұжданы бар азамат ретінде бүгін осы жерге Немцовты еске алуға келдім» деген Виталий Блажевич.

РПР-ПАРНАС партиясының теңтөрағасы, Ярославль облыстық думасының депутаты, Ресейдің бұрынғы вице-премьері 55 жастағы Борис Немцов ақпанның 27-сі күні кешкісін Мәскуде қастандықпен өлтірілген.

XS
SM
MD
LG