Accessibility links

Немцовтың қазасы жайлы ақпарат үшін сыйақы берілмек


Қастандықпен өлтірілген Борис Немцовтың денесі Кремль маңындағы үлкен көпір үстінде. 27 ақпан 2015 жыл.

Қастандықпен өлтірілген Борис Немцовтың денесі Кремль маңындағы үлкен көпір үстінде. 27 ақпан 2015 жыл.

Ресей тергеу комитеті оппозициялық саясаткер Борис Немцовты өлтірген қылмыскер туралы ақпарат берген адамға үш миллион рубль көлемінде сыйақы тағайындалғанын жариялады. Комитеттің хабарлауынша, тергеушілер Немцов қаза тапқан сәтте жанында болған қыздың және өзге де куәгерлердің сипаттауымен қылмыскердің түр-тұлғасының нобайын жасаған.

Бұған дейін тергеу комитеті саясаткердің қазасына байланысты бірнеше болжамды (арасында «саяси арандату» да бар) қарастырып жатқанын мәлімдеген. Құқық органдарының хабарлауынша, Немцовтың қазасы тапсырыспен кісі өлтіруге ұқсайды.

РПР-ПАРНАС партиясының теңтөрағасы, Ярославль облыстық думасының депутаты, Ресейдің бұрынғы вице-премьері Борис Немцовты ақпанның 27-сі күні кешкісін Мәскеудің орталығында қастандықпен өлтірген. Қылмыскер әлі табылған жоқ.

XS
SM
MD
LG