Accessibility links

Тәжікстан сайлауында заң бұзушылық болғаны хабарланды


Душанбедегі сайлау учаскесінде парламент сайлуында дауыс беріп тұрған сайлаушылар. Душанбе, 1 наурыз 2015 жыл.

Душанбедегі сайлау учаскесінде парламент сайлуында дауыс беріп тұрған сайлаушылар. Душанбе, 1 наурыз 2015 жыл.

Тәжікстанда наурыздың 1-інде өткен парламент және жергілікті өкілді органдарға депутат сайлуында бірқатар заң бұзушылықтар тіркелді.

Азаттықтың Тәжік қызметінің хабарлауынша, дауыс беру кезінде бір сайлаушының бір отбасы мүшелері үшін дауыс бере салуы, сайлауға бақылау жасаушылардың аздығы, сайлау учаскелеріндегі еріктілердің сайлаушыларға кімге дауыс беруді нұсқағаны сияқты заң бұзушылықтар байқалған.

Тәжікстан Орталық сайлау комиссиясының ақпаратына қарағанда, дауыс беру құқығы бар 4,3 миллион адамның 82 пайыздан астамы сайлауға қатысқан.

Парламенттің төменгі палатасындағы 63 депутаттық орынға ие болу үшін сегіз партиядан 288 үміткер қатысып отыр. Сарапшылар қазір 63 депутаттық орынның 55-ін иеленіп отырған президент Эмомали Рахмонның халықтық демократиялық партиясы бұл жолғы сайлауда да көпшілік орынға ие болады деп болжайды.

Басқарушы халықтық демократиялық партияның басты бәсекелесі - ислам қайта өрлеу партиясы. Бұл партия және социал-демократиялық партиясы үкіметті ашық сынайды.

ЕҚЫҰ бұған дейінгі есебінде ислам қайта өрлеу партиясы мен социал-демократиялық партия өкілдері сайлау алдындағы үгіт-насихат науқанында саяси қысым көргенін айтқан. ЕҚЫҰ бұған қоса сайлауалды кампаниясында барлық үміткерлерге бірдей жағдай жасалған жоқ деген.

Батыс баспасөзі Тәжікстандағы «биылғы сайлау қорытындыларының бұрынғы сайлаудан айырмашылығы болмайды әрі билік партиясы тағы жеңеді» деп жазған.

XS
SM
MD
LG