Accessibility links

"Әділ сөз" қаңтар айындағы сөз бостандығы жайлы есебін жариялады


"Әділ сөз" сөз бостандығын қорғау ұйымының басшысы Тамара Қалеева.

"Әділ сөз" сөз бостандығын қорғау ұйымының басшысы Тамара Қалеева.

"Әділ сөз" халықаралық сөз бостандығын қорғау қоры қаңтар айындағы Қазақстандағы ой-пікірін білдіру, ақпарат алу және тарату құқығының бұзылуына қатысты есебін жариялады.

Ұйым қаңтар айында ақпарат құралдары мен азаматтарға қатысты абыройы мен ар-намысын және іскерлік беделін қорғау туралы талап арыз бойынша жиыны 51 миллион теңге моральдық өтемақы сұраған төрт жаңа тыңдау өткенін айтады. Бұған қоса, қаңтар айында бұған дейін қарастырылған істер бойынша жеті сот актісі шыққан. Оның бесеуі ақпарат құралдары мен журналистердің пайдасына шыққан.

"Әділ сөз" ұйымы қаңтарда сот шешімімен жабылған Adam bol журналының бас редакторы Гүлжан Ерғалиева аштық жариялағанын, "Оқырмандармен кездесу" деп аталатын журналды қорғау акциясына қатысушыларды полиция акцияға дейін ұстап әкеткенін айтады.

Сөз бостандығын қорғау ұйымы Алматыда "ұлтаралық араздықты қоздырды" деген айып тағылған қала тұрғыны Татьяна Шевцова-Валованың ісі бойынша алдын-ала сот тыңдауы өткенін де келтірген.

XS
SM
MD
LG