Accessibility links

Солтүстік Корея зымыран сынады


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Солтүстік Корея бүгін елдің шығыс жағалауларынан қысқа қашықтыққа ұшатын екі зымыран ұшырды. Сынақтан бірер сағаттан соң Оңтүстік Корея мен АҚШ-тың бірлескен әскери жаттығуы басталған.

Оңтүстік Корея қорғаныс министрлігінің өкілі Ким Мин Соктың мәлімдеуінше, Солтүстік Корея зымыранды ескертусіз ұшырғандықтан, Пхеньянның бұл әрекеті "арандатушылық" деп қабылданады.

Пхеньян АҚШ және Оңтүстік Кореяның әскери жаттығуын соғысқа дайындалу деп атаған. Солтүстік Корея бас штабының өкілі Вашингтон мен Сеулге тек аяусыз соққы жасаумен ғана жауап беруге болады деп мәлімдеді.

Солтүстік Корея елдің шығыс жағалауларынан әскери жаттығу аясында орта және қысқа қашықтықтағы зымырандарын жиі сынайды.

БҰҰ Солтүстік Кореяға баллистикалық зымыран технологиясын пайдалануға тыйым салған.

XS
SM
MD
LG