Accessibility links

Ирак әскері Тикритті қайтару операциясын бастады


Тикрит маңында қираған танк үстінде тұрған Ирак жауынгерлері. Ирак, 25 ақпан 2015 жыл.
Тикрит маңында қираған танк үстінде тұрған Ирак жауынгерлері. Ирак, 25 ақпан 2015 жыл.

Иракта үкімет әскері бүгін "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымының бақылауындағы Тикрит қаласын қайтарып алу үшін кең ауқымды операция бастады.

2 наурызда Ирак мемлекеттік телеарнасының хабарлауынша, әскерилер Ирактың бұрынғы президенті Саддам Хусейннің туған қаласы, Бағдадтан солтүстікке қарай 130 километр қашықтықтағы Тикриттегі "Ислам мемлекеті" ұйымы содырларының позицияларына шабуыл жасап жатыр.

Ресми ақпаратқа қарағанда, Ирак әскері шииттік және сүнниттік араб жасақтарының, артиллерия мен әскери ұшақтардың көмегімен шабуылдап жатыр. Содырлар қала маңындағы кейбір аумақтан ығыстырылған.

Операция басталардан бірнеше сағат бұрын Ирак премьер-министрі Хайдар әл-Абади Тикриттегі сүннит тайпаларының жауынгерлерін "Ислам мемлекеті" қатарынан шығуға үндеген. Премьер содырлар ұйым содырлары қатарынан кеткендерге рақымшылық жасалатынын ескерткен.

"Ислам мемлкеті" ұйымы содырлары Тикрит пен сүнниттік арабтар тұратын Салахуддин провинциясын өткен жылдың жазында басып алған.

XS
SM
MD
LG