Accessibility links

БҰҰ: Шығыс Украинада қаза тапқандар саны 6 мыңнан асты


Донецк қаласынан шығып бара жатқан ресейшіл сепаратистердің танкілері. 26 ақпан 2015 жыл.

Донецк қаласынан шығып бара жатқан ресейшіл сепаратистердің танкілері. 26 ақпан 2015 жыл.

БҰҰ бүгін Шығыс Украинада қақтығыс қарулы қақтығыс басталған 2014 жылдың сәуірінен бері қаза тапқан адам саны 6 мыңнан асқанын хабарлады.

БҰҰ адам құқықтары жөніндегі комиссары Зейд Раад әл-Хусейннің мәлімдемесінде Шығыс Украинадағы Донецк мен Луганск облыстарының бір бөлігін бақылауда ұстап тұрған ресейшіл сепаратистер мен үкімет әскері арасындағы соғыста бір жылға жетпейтін уақытта 6 мыңнан астам адам қаза тапқаны айтылады.

Женевада орналасқан БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі комиссариаты тек соңғы апталардың өзінде Донецк әуежайы мен Дебальцево қаласы үшін ұрыста жүздеген әскер мен бейбіт тұрғын қаза тапты дейді.

Мәскеу Донбасстағы қақтығысқа қатысы барын жоқақ шығарып келгенімен, БҰҰ "сенімді ақпараттар сепаратистерге Ресейден үнемі қару-жарақ пен әскер жеткізіліп тұратынын көрсетеді" дейді.

XS
SM
MD
LG