Accessibility links

Керри мен Лавров Женевада кездесті


АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри (оң жақта) мен Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров. Женева, 2 наурыз 2015жыл.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри (оң жақта) мен Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров. Женева, 2 наурыз 2015жыл.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри бүгін Женевада БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесі жиыны кезінде Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен келіссөз өткізді.

БАҚ-тың хабарлауынша, кездесу "Президент Уилсон" қонақүйінде жабық түрде, АҚШ тарапының ұсынысы бойынша өткен. Болжам бойынша, келіссөзде Шығыс Украинадағы жағдай мен Мәскеу орталығында оппозициялық саясаткер әрі Кремльдің сыншысы Борис Немцовқа жасалған қастандық басты тақырып болған.

Бұған дейін Джон Керри Ресейдің бұрынғы вице-премьері Борис Немцовтың қастандық құрбаны болғаны туралы хабарды естіп "естен тана жаздағанын" және "қатты қайғырғанын мәлімдеген. "Борис Немцов өз өмірін Ресейді демократияландыруға, көркейтіп, ашық қылуға, Ресейдің көршілерімен, оның ішінде АҚШ-пен қарым-қатынасын берік етуге арнады" делінген Керридің мәлімдемесінде.

Джон Керридің сөзінше, Немцов Ресейді ашық қылуға және реформалауға, ресейліктерге өз елдерінің өміріне көбірек ықпал етуіне мүмкіндік беруге ұмтылған.

АҚШ президенті Барак Обама да АҚШ-тың Борис Немцовқа аяусыз қастандық жасалғанын айыптайтынын мәлімдеп, Ресей үкіметін Немцовтың өлімін жедел, әділетті және ашық түрде тергеуге шақырған.

XS
SM
MD
LG