Accessibility links

Неміс футболшысы Қазақстан құрамасында ойнайды


Неміс футболшысы Александр Меркель (сол жақта бірінші) ҚФФ келісім-шартқа қол қою сәті. Астана. 3 наурыз 2015 жыл (Сурет ҚФФ сайтынан алынды)
Неміс футболшысы Александр Меркель (сол жақта бірінші) ҚФФ келісім-шартқа қол қою сәті. Астана. 3 наурыз 2015 жыл (Сурет ҚФФ сайтынан алынды)

1993 жылы Қазақстанда туған кейін Германияға көшіп кеткен неміс футболшысы Александр Меркель Қазақстан құрамасында ойнауға келісімін беріп, ҚФФ-мен келісім шартқа қол қойды.

23 жастағы Александр Меркель 2007-2011 жылдары Германия жасөспірімдер және жастар құрамасында ойнаған. 2003-2008 жылдары германиялық "Штутгард", 2008-2011 жылдары италиялық "Милан" командасында ойнаған. Қазір швейцариялық "Грассхоппер" клубының ойыншысы.

2014 жылдан бері Қазақстан футбол федерациясы Меркельдің Қазақстанда туғанын негіз етіп, оған ұлттық құрама шақырып, бірнеше рет ұсыныс жасаған.

XS
SM
MD
LG