Accessibility links

Шығыс Украинадағы чехтар отанына қайта бастады


Украинада тұратын чехтар Чехияға кете бастады.

Чех радиосының хабарлауынша, Запорожье облысының Чехоград ауылынан ата-бабасы 19 ғасырда Украина Ресей империясының бір бөлігі болып тұрғанда қоныс аударған 40 адам автобуспен Чехияға кетіп қалған.

Негізінен чех иммигранттарының ұрпақтары тұратын Чехоград ауылы үкімет күштері мен рсеейшіл сепаратистер соғысып жатқан әскери іс-қимылдар аймағынан 200 километр қашықтықта орналасқан.

Алдағы апталарда болжам бойынша Украина шығысынан 138 этникалық чех Чехияға кетеді.

Чехия үкіметі бұған дейін тарихи отанына қайтып оралғандардың барлығы баспана, жұмыспен қамтамасыз етіліп, медициналық көмек алатынын мәлімдеген.

Украина ақпарат құралдарының хабарлауынша, Украинада тегі чех 20 мың азамат тұрады.

1990 жылдардың соңында Чехия үкіметі Қазақстаннан тегі чех 200-ге тарта азаматты қайтарып алған.

AzattyqTV

Астанадағы зират

Элитаға пантеон керек пе?

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG