Accessibility links

Қазақстандық епископ Пушкин медалін иеленді


Қаскелендегі православ шіркеуінің жұмысын басқарушы епископ Геннадий. Алматы. 2 наурыз 2015 жыл.

Қаскелендегі православ шіркеуінің жұмысын басқарушы епископ Геннадий. Алматы. 2 наурыз 2015 жыл.

2 наурызда Қаскелендегі православ шіркеуінің жұмысын басқарушы епископ Геннадийге Ресей федерациясының Пушкин медалі табысталды.

Епископ Геннадий православ шіркеуіндегі діни жұмысымен қатар Алматыдағы православтық семинарияның ректоры қызметін де атқарады.

Медальді Ресейдің Қазақстандағы елшісі Михаил Бочарник табыстады.

Пушкин медалі гуманитарлық ғылым, әдебиет, өнерді дамытуға үлес қосқан Ресей азаматтары мен шетелдіктерге табыс етіледі.

  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    1990 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген.

    Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің жас репортері.

    "Спорт", "Қазақ спорты" газеттерінде, "Алматы" телеарнасында журналист-репортер болған. 2012 жылдан бері "Азаттық" радиосының тілшісі. Сочи - 2014 қысқы және Рио - 2016 жазғы олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG