Accessibility links

Қырғызстанда "Хизб-ут-Тахрирдың" күдікті 5 мүшесі ұсталды


Қырғызстандағы "Хизб ут-Тахрир" ұйымының күдікті мүшесін ұстау операцияларының бірі. Қыркүйек, 2014 жыл. (Көрнекі сурет).
Қырғызстандағы "Хизб ут-Тахрир" ұйымының күдікті мүшесін ұстау операцияларының бірі. Қыркүйек, 2014 жыл. (Көрнекі сурет).

Қырғызстан билігі елде тыйым салынған исламшыл "Хизб ут-Тахрир" ұйымына мүше болды деген күдікпен бес адамды тұтқындады.

Нарын облысының құқық қорғау органдары наурыздың 2-сінде облыс орталығы мен ауылдарда жүргізілген тексеріс барысында аты-жөнін атамаған бес адамның үйінен экстремистік сипаттағы діни әдебиеттер табылып, өздері ұсталғанын хабарлады.

Соңғы апталарда Қырғызстанда "Хизб ут-Тахрир" мен басқа да исламшыл тыйым салынған топтарға мүше деген күдікпен ұсталған адамдар көбейген.

Ақпан айында билік орындары ел аумағында "Хизб ут-Тахрир" ұйымына мүше деген күдікпен тағы бірнеше адамды тұтқындаған. Қырғызстан билігі "Хизб ут-Тахрир" "Әл-Қаида" мен "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымдарының жастарды радикалдандырып, Сирия мен Иракқа соғысқа жөнелту стратегиясында маңызды рөл атқарады дейді.

Орталық Азия елдері мен Ресейде тыйым салынған "Хизб ут-Тахрир" өзін бейбіт ұйым деп санайды.

XS
SM
MD
LG