Accessibility links

CRJ-200 ұшағы апаты жайлы есеп жарияланды


Құтқарушылар CRJ-200 ұшағы апатында құрбан болғандарды әкетіп барады. Алматы, 29 қаңтар 2013 жыл.
Құтқарушылар CRJ-200 ұшағы апатында құрбан болғандарды әкетіп барады. Алматы, 29 қаңтар 2013 жыл.

Халықаралық авиация комитеті (немесе МАК) 2013 жылы Алматы түбінде CRJ-200 жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына қатысты жүргізген зерттеулерінің түпкілікті нәтижесін жариялады. Зерттеу ұшақ апатқа ұшыраған 2013 жылдың 29 қаңтарында басталған.

МАК сарапшыларының қорытындысына қарағанда, апат "экипаж екінші айналым жасап ұшу туралы шешім қабылдаған кезде ауа-райының қолайсыздығынан, яғни көріну нашарлаған кезде" болған.

Ұшақ биіктіктен құлдилап, жерге құлаған. Сарапшылар қолда бар мәліметтер ұшақ не себептен төмен қарай ұшқанын анықтауға жеткіліксіз болып отыр дейді. Комиссия ұшақ екінші айналым жасап ұшарда ұшақтетіктерінің істен шығу белгілерін немесе ұшаққа сырттан қандай да бір әсер болғанын таппаған.

Сарапшылар ұшақ апатына ұшақ командирінің іс-әрекеті, экипаж мүшелерінің психоэмоционалдық жай-күйі және экипаж құрамының медициналық тексеруден өту талабын орындамағаны себеп болуы ықтимал дейді.

МАК есебінде Қазақстан авиация саласының басшылығына ұшқыштар денсаулығын тексеру шараларын қабылдауды ұсынған.

SCAT әуе компаниясының Көкшетау - Алматы бағытындағы CRJ-200 ұшағы 2013 жылы Алматы маңындағы Қызылту ауылы жанына құлап, салдарынан 21 адам қаза тапқан.

XS
SM
MD
LG