Accessibility links

Үндістан мен Пәкістан келіссөзді қайта бастады


Кашмир штатындағы даулы шекара аймағында жүрген Үндістан шекара әскері. (Көрнекі сурет).
Кашмир штатындағы даулы шекара аймағында жүрген Үндістан шекара әскері. (Көрнекі сурет).

Үндістан сыртқы істер министрі Субраманьян Джайшанкар бүгін Пәкістан сыртқы істер министрі Айзаз Ахмад Чаудхримен келіссөз өткізеді. Үндістан өткен жылы екі елге ортақ өткір мәселелерді талқылайтын келіссөзден бас тартқалы бері екі ел министрлері бірінші рет кездескелі отыр.

Өткен жылы тамыз айында Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди Исламабадта өтетін келіссөздің соңғы кезеңіне қатысудан кенет бас тартқан. Бұған Пәкістанның Нью-Делидегі арнайы өкілінің Кашмирдегі сепаратистер өкілдерін қабылдауы себеп болған.

Үндістан мен Пәкістан Ұлыбританиядан тәуелсіздік алған 1947 жылдан бері Кашмир даулы аймағы үшін екі рет соғысты.

XS
SM
MD
LG