Accessibility links

Солтүстік Корея 3 наурыздан бастап шекарасын қайта ашып, шетелдік бизнесмендер мен туристерді қабылдай бастады. Бұл ел 2014 жылдың қазанынан бері Эбола дертіне байланысты шекарасын жауып тастаған еді.

Эбола эпицентрі батыс Африкадан мыңдаған шақырым алыста жатқан Солтүстік Кореяға соңғы бес айда шет елдіктер кіргізілген жоқ.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының есебінше, батыс Африкада Эбола дертінен қаза тапқандар саны 9000-нан асқан. Дегенмен, ұйымның мәлімдеуінше, "Африка батысында Эбола дертінің таралуы азайып келеді".

XS
SM
MD
LG