Accessibility links

«Уральская неделя» журналистері үстінен іс қозғалды


"Уральская неделя" басылымының қызметкерлері Тамара Еслямова, Мария Ковалева, Талғат Умаров. (Сурет "Әділ сөз" ұйымының сайтынан алынды)

"Уральская неделя" басылымының қызметкерлері Тамара Еслямова, Мария Ковалева, Талғат Умаров. (Сурет "Әділ сөз" ұйымының сайтынан алынды)

Батыс Қазақстан облыстық ішкі істер департаменті «Уральская неделя» газетінің журналистері Мария Ковалова мен Талғат Умаровтың үстінен іс қозғап, "жалған ақпарат тарату" бабы бойынша алдын-ала тергеу жүргізіліп жатыр.

Бұл туралы сөз бостандығын қорғайтын "Әділ сөз" халықаралық қоры хабарлады.

Мария Ковалева «Уральская неделя» газетінде Оралдағы облыстық клиникалық ауруханада Украинада жараланған сепаратистер емделгені туралы материал жариялаған. Журналист Ресейге барған сапарларының бірінде өзінің сепаратистер жағында соғысқанын айтқан жігітпен танысқанын жазған. Жігіт газет тілшісіне Оралдағы ауруханалардың бірінде басқа сепаратистермен бірге ем қабылдағанын айтқан. Алайда облыстық аурухана басшылығы емделушілер тізімінде журналист атаған пациенттер болмағанын мәлімдеген.

27 ақпанда облыстық ішкі істер департаменті Мария Ковалева түсінік беруге шақырып, ол таратқан ақпарат нақтыланбағынан айтқан. Қазір осы іске қатысты тексеру жұмыстары жалғасып жатыр.

Батыс Қазақстан облыстық маслихатының депутаты Әлібек Сатбаев «Уральская неделя» газетінің шығарушысы Тамара Еслямова, басылым тілшісі Талғат Умаров және адвокат Абзал Құспановтың үстінен шағым түсірген.

«Уральская неделя» газетінде жарияланған «Дочь в суде, сын в прокуратуре» ( 17.04.2014) атты мақалада мәслихат депутаты 15 миллион теңгенің жоғалуына басты күдікті ретінде айыпталған.

Депутат Әлібек Сатбаев "бұл - жалған ақпарат" деп сотқа шағымданған. Бұл іске қатысты алғашқы сот отырысы 6 наурызда болады.

  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    1990 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген.

    Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің жас репортері.

    "Спорт", "Қазақ спорты" газеттерінде, "Алматы" телеарнасында журналист-репортер болған. 2012 жылдан бері "Азаттық" радиосының тілшісі. Сочи - 2014 қысқы және Рио - 2016 жазғы олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG