Accessibility links

Ту ілгені үшін жазылған әкімшілік хаттама жойылды


Жандос Құрманбаевтың пәтері балконында ілініп тұрған Қазақстан туы. Ақпан, 2015 жыл.

Жандос Құрманбаевтың пәтері балконында ілініп тұрған Қазақстан туы. Ақпан, 2015 жыл.

"Мемлекеттің рәміздерді заңсыз пайдалану» бабы бойынша әкімшілік заңды бұзды" делінген Жандос Құрманбаевқа жазылған әкімшілік хаттама күшін жойды. Бұл туралы Құрманбаевтың адвокатына сілтеме жасаған жергілікті БАҚ хабарлады.

Боксшы Геннадий Головкиннің жеңісіне орай өзі тұратын көп қабатты үйдің балконына ту ілген Жандос Құрманбаевқа 396 мың 400 теңге айыппұл салынған еді. Хаттама Астанадағы Есіл аудандық прокуратурасының наразылығымен күшін жойған.

Алайда Құрманбаевтың адвокаты Михаил Кленчиннің айтуынша, хаттаманың күшін жою 396 мың 400 теңге айыппұл алынып тасталды дегенді білдірмейді. Заңгер Facebook парақшасында айыппұлға қатысты сотқа шағым түсіретіндерін жазған.

Құрманбаевқа салынған айыппұл әлеуметтік желіде қатты сыналып, қолданушылар Құрманбаевты қолдайтындықтарын білдіріп желіде флешмоб өткізген болатын.

Қазақстанның мемлекеттік рәміздері туралы заңына сәйкес, президент, парламент, министрліктердің, жергілікті заң және атқару органы резиденциясы ғимараттары мен елшілік ғимараттарының үстіне міндетті түрде мемлекеттік ту орнатылады. Заңда қожайындарының қалауы бойынша өзге ғимараттардың (бөлме) үстіне де туды ілуге болатыны айтылған.

  • 16x9 Image

    Нұртай ЛАХАНҰЛЫ

    Нұртай Лаханұлы. 1973 жылы дүниеге келген. 1998 жылы әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің филология факультеті бойынша тәмамдаған.  «Қазақстан-Заман» газеті мен «Қазақ радиосында» қызмет еткен. 2010 жылдан бері Азаттық радиосында  жұмыс істейді.

XS
SM
MD
LG