Accessibility links

Сот Арон Атабек шағымын қарауды кейінге шегерді


18 жылға сотталған диссидент Арон Атабек

18 жылға сотталған диссидент Арон Атабек

Оппозициялық саясаткер Зауреш Батталова Азаттық радиосына Астана қалалық соты түрмедегі диссидент Арон Атабектің кассациялық шағымын қарастыруды 10 наурызға қалдырғанын мәлімдеді.

Арон Атабек түрмедегі жағдайдың төмендігін, қылмыстық атқару жүйесі комитеті (КУИС) оның шағымдарына назар аудармайтынын айтып шағымданған.

Батталованың айтуынша, "түрме басшылығы Арон Атабекті ұзақ уақыттан бері бір кісілік камераға қамап, киім-кешек алуға да рұқсат бермей отыр"

61 жастағы Арон Атабек (Едігеев) «2006 жылдың шілдесінде Алматыдағы Шаңырақ ықшам ауданында болған оқиғаларды ұйымдастырды» деген айыппен 2007 жылы қазанда 18 жылға сотталған. Полиция мен Шаңырақ тұрғындарының қақтығысы кезінде бір полицей қаза тапқан еді. Қазақстандық құқық қорғаушылар Арон Атабекті саяси тұтқын деп санайды.

XS
SM
MD
LG