Accessibility links

Нетаньяху: Иранмен келісуге болмайды


Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху АҚШ Конгресінде сөйлеп тұр. Вашингтон, 3 наурыз 2015 жыл.
Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху АҚШ Конгресінде сөйлеп тұр. Вашингтон, 3 наурыз 2015 жыл.

Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху "Иран Таяу Шығыс пен бүкіл әлемге қауіп төндіреді" деп мәлімдеп, АҚШ-ты Тегеранмен ядролық салада келісім жасаудан бас тартуға шақырды.

Наурыздың 3-інде АҚШ Конгресінде сөйлеген Нетаньяху Иранның "ислам экстремизмімен тығыз байланысы барын" және "Израиль мемлекетіне қауіп төндіретінін, АҚШ-қа қашан да жау болатынын" айтты.

"Егер қазір Тегеран экономикалық санкциялардың жеңілдеуі үшін ядролық бағдарламасын тоқтата тұруға келіссе, онда ол Иран ядролық қаруға ие болу әрекетінен бас тартады дегенді білдірмейді" деді Нетаньяху.

Кеше Нетаньяхудан сәл ертерек Тегеран АҚШ президенті Барак Обаманың ядролық бағдарламадан кемінде он жылға бас тартып, есесіне халықаралық санкцияларды жеңілдету туралы ұсынысын қабылдамай қойған.

АҚШ, Ұлыбритания, Қытай, Франция, Германия және Ресей Иранды құпия түрде ядролық қару жасайды деп қауіптеніп, ядролық бағдарламасынан бас тартқызуға көндіре алмай келеді. Иран ядролық қару жасау ниеті барын жоққа шығарады.

XS
SM
MD
LG