Accessibility links

Бостонда бүгін Царнаевтың сот тыңдауы басталады


Айыпталушы Джохар Царнаевтың (оң жақтан екінші) соттағы кескіні.

Айыпталушы Джохар Царнаевтың (оң жақтан екінші) соттағы кескіні.

Бүгін АҚШ-тың Бостон федералдық сотында осыдан екі жыл бұрынғы Бостон марафонындағы жарылыстарға күдікті Джохар Царнаевтың соты басталады.

Джохар Царнаев пен оның ағасы Тамерлан Царнаев 2015 жылы 15 сәуірде Бостондағы марафонда жарылғыш заттар орнатқан деп айыпталады. Екі жарылыстан үш адам қаза тауып, 260-тан астам адам жараланған. Тамерлан Царнаев жарылыстан бірер күннен соң полициямен атыста қаза тапқан.

Үш айға созылған алқа судьяларын анықтау кеше, наурыздың 3-інде аяқталған.

Солтүстік Кавказ тумасы, 21 жастағы АҚШ азаматы Джохар Царнаев өзіне 30 пункт бойынша тағылған айыптарды мойындамайды. Айыптаушы тарап ағайынды Царнаевтар жарылғыш құрылғыны "Әл-Қаида" ұйымының ағылшын тіліндегі журналында жарияланған нұсқаулық бойынша жасап, жеке дара әрекет еткен дейді.

Массачусет штатында өлім жазасы 1984 жылы алынып тасталғанымен, іс федералдық сотта қаралып жатқандықтан Царнаев айыпты деп танылса өлім жазасына кесілуі мүмкін.

Жарылысқа қатысты істі тергеуге кедергі келтірді деген күдікпен АҚШ-та қазақстандық екі студент те қамауда отыр.

XS
SM
MD
LG