Accessibility links

Мәжіліс Венгриямен экстрадиция келісімін мақұлдады


Парламент мәжілісі, Астана. (Көрнекі сурет).

Парламент мәжілісі, Астана. (Көрнекі сурет).

Мәжіліс депутаттары бүгін Қазақстан пен Венгрия арасындағы сотталған азаматтарды алмасу туралы келісімді ратификациялады.

Мәжілісте сөйлеген Қазақстан бас прокурорының бірінші орынбасары Иоганн Меркель келісімді ратификациялау екі елде қылмыс жасап, жасырынып жүрген Қазақстан және Венгрия азаматтарын экстрадициялауға мүмкіндік береді. Бірақ ол "сұралған азамат өтініш берген елдің заңдарында тыйым салынған тәсілдермен жазаланар болса, экстрадицияланбайтынын" айтты.

Қазақстан мен Венгрия арасындағы сотталған азаматтарды экстрадициялау туралы келісімге өткен жылдың шілде айында Қазақстан премьер-министрінің Будапештке сапары кезінде қол қойылған.

Прокуратураның ақпараты бойынша, қазір Қазақстан 12 елмен сотталғандарды қайтару туралы келісім жасасқан.

XS
SM
MD
LG