Accessibility links

Тағы бір қазақ "жиһадшылары" видеосы тарады


Видео Facebook әлеуметтік желісі арқылы тарады. Онда бет-ауыздарын тұмшалаған, бәрі сия көк түсті киім киген, қолдарына қару ұстаған тоғыз ер адам тал түбіне жиналып, қазақ тілінде сөйлеген. Видеоның қай жерде, қашан түсірілгені көрсетілмеген.

Видеода сөйлеген жас жігіт өздерін "Қазақстаннан келген муджахидтармыз" (моджахед - ред.) деп таныстырып, "Шам жерінен" (Сирия) сөйлеп тұрғанын айтады. Ол жұртты "Шам жеріне, Иракқа, Ауғанстанға" шақырған. Сөйлеп отырған жігіт тоқтап қалған жерлерінде жанындағылар оның сөзін қазақ тілінде жалғастырып жіберіп отырған.

Видеоның сол жақ шекесіне "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымының қара туы қойылған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG