Accessibility links

Жоғарғы сот Мешімбаеваның үкімін өзгертпеді


Статистика агенттігінің бұрынғы басшысы Анар Мешімбаева сот залында отыр. Астана, 10 ақпан 2015 жыл.
Статистика агенттігінің бұрынғы басшысы Анар Мешімбаева сот залында отыр. Астана, 10 ақпан 2015 жыл.

Қазақстан Жоғарғы соты статистика агенттігінің бұрынғы басшысы Анар Мешімбаеваның ісін қайта қараудан бас тартты.

Бүгін Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі қадағалау алқасының судьялары Мешімбаеваға қатысты бұған дейінгі шығарылған сот шешімдерін негізді деп тауып, өзгеріссіз қалдырған.

Астананың Есіл аудандық соты Анар Мешімбаеваны "қызмет өкілеттігін асыра пайдаланып, мемлекет қаржысын жымқырды" деген айыппен 2014 жылдың ақпанында жеті жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға үкім шығарған. Сот оны 2009 жылы жүргізілген ұлттық халық санағы кезінде "бюджеттің 700 миллион теңгеден көп қаржысын жымқырған және қызмет өкілетін асыра пайдаланып, мемлекетке 3 миллион теңгеден астам зиян келтірген" деп айыптаған.

Сот Мешімбаеваның дүние-мүлкін тәркілеп, бес жыл бойы мемлекеттік қызметті атқаруына тыйым салған.

XS
SM
MD
LG