Accessibility links

Сайлауға түсуге бес адам ниет білдірген


Қазақстан Орталық сайлау комиссиясы ғимаратындағы жазу.

Қазақстан Орталық сайлау комиссиясы ғимаратындағы жазу.

Қазақстан президенті сайлауына кандидат ретінде қатысуға бес адам өтініш білдірді деп хабарлады бүгін Орталық сайлау комиссиясы (ОСК).

ОСК баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, қазірге дейін Асқар Сырғабаев, Сафиолла Алдажанов, Лимана Қойшиева, Бақыт Әбдікәрімов және Сухраб Мырзашев президенттік сайлауға түсуге өзін-өзі ұсынған.

Комиссия үміткерлердің президенттік сайлауға түсу талаптарына сай келетіні, я келмейтіні өтінші бергеннен кейінгі бес күн ішінде анықталатынын айтады.

Қазақстанда сәуірдің 26-сы күні өткелі отырған кезектен тыс президент сайлауына кандидаттар ұсыну ақпанның 26-сында басталған. Кандидат ұсыну наурыздың 15-сі күні аяқталады. Үміткерлерді тіркеу наурыздың 25-інде аяқталған соң, елде үгіт-насихат науқаны басталады. Үгіт-насихат дауыс беруге бір тәулік қалғанда, яғни сәуірдің 25-іне қараған түні тоқтатылады.

XS
SM
MD
LG