Accessibility links

Азаттық жаңалықтарына кіру қиындады


"Азаттық" сайтының ашылмай тұрған парақшасының скриншоты. (Көрнекі сурет)
"Азаттық" сайтының ашылмай тұрған парақшасының скриншоты. (Көрнекі сурет)

Азаттық сайтында бүгін жарияланған қазақ "жиһадшылары" жайлы кезекті видео туралы жаңалықтар ашылмай тұр. Алматы мен Астана қалаларында сайттың қазақ және орыс тіліндегі нұсқаларындағы "жиһадшылар" жайлы жаңалық бұғатталып тұр. Кейбір аймақтардағы интернет провайдері бөлек оқырмандар сайттың қазақ тіліндегі жаңалықтары еркін ашылып тұрғанын айтады.

Қазақ "жиһадшылары" жайлы кезекті видео Facebook әлеуметтік желісі арқылы тараған. Бет-ауыздарын тұмшалаған, бәрі сия көк түсті киім киген, қолдарына қару ұстаған сегіз ер адам қазақша Ирак пен Сирияға келуге шақырады. Видеоның қай жерде, қашан түсірілгені көрсетілмеген.

Видеоның сол жақ шекесіне "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымының қара туы қойылған.

Сайттағы жаңалықтардың ашылмай қалуына қатысты Азаттық Қазақстандағы ең ірі интернет провайдер "Қазақтелеком" компаниясына хабарласқанымен, жауап алу мүмкін болмады. Вебсайттың өткір саяси-әлеуметтік мәселелер туралы материалдары былтырдан бері бұғатталып келеді.

XS
SM
MD
LG