Accessibility links

Царнаевтың сотына алқа билер іріктелді


Айыпталушы Джохар Царнаевтың (оң жақтан екінші) соттағы кескіні.

Айыпталушы Джохар Царнаевтың (оң жақтан екінші) соттағы кескіні.

Наурыздың 4-і күні АҚШ-та Бостон марафонындағы терактіні ұйымдастырды деп айыпталған Джохар Царнаевтың ісі бойынша сот басталады.

Бостон федеральдық соты алқа билердің құрамына екі айға созылған іріктеуден кейін 12 алқа судьясы мен оның алты орынбасары таңдап алынған. Алқа билер құрамына кіруге 1350 адам өтініш білдірген.

Енді алқа судьялары ант қабылдаған соң сот басталады.

Бостонда 2013 жылы сәуірдің 13-інде марафон кезінде болған жарылыстан үш адам қаза тауып, 260-тан астам адам жараланған. Прокуратураның ұйғарымы бойынша, 21 жастағы Джохар Царнаев марафон аяқталатын кезде ағасы Тамерлан Царнаевпен бірге жарылғыш зат қойған. Полиция Тамерлан Царнаевты жарылыстан соң тұтқындамақ болған кезде атып өлтірген.

Джохар Царнаевқа 13 бап бойынша, оның ішінде кісі өлтіруге қатысты айып тағылған. Прокуратура бұған дейін Царнаевқа бұл айыптар бойынша өлім жазасын беруді сұраған. Ал оның адвокаттары Царнаевқа өмір бойы түрме жазасын беруді сұрап отыр.

Ресейдің Солтүстік Кавказ аймағынан шыққан Джохар Царнаев АҚШ азаматтығын алған.

XS
SM
MD
LG