Accessibility links

Қытай парламенті жылдық сессиясы басталды


Қытай премьер-министрі Ли Кэцян.

Қытай премьер-министрі Ли Кэцян.

Бүгін Пекинде Бүкілқытайлық халық депутаттарының жыл сайынғы сессиясы басталды. Сессия 11 күнге осзылады.

Сессияның ашылуында сөйлеген Қытай премьер-министір Ли Кэцян таза әрі баламалы энергия көздерін дамыту саясатын жүргізуді жеделдете қолға алуға, елдің маңызды аймақтарында тұтынылатын көмір көлемін арттырмауға уәде берді.

Ли Кэцян бұған қоса Қытайдың биылғы экономикалық өсімі де төмендеп, шамамен 7 пайыз көлемінде болады деген болжамын айтты. Ол қазір инвестициялық өсімнің баялауы, өңдеуші өнеркәсіп өнімдері бағасының арзандауы мен инновацияның аздығын қазіргі Қытай экономикасындағы проблемалар деп атады.

Қаржы министрлігі бүгін таратқан есебінде Қытайдың биыл қорғаныс саласына бөлетін қаржысы 10,1 пайызға артып, 145 миллиард АҚШ долларын құрайтыны айтылады. Қытай былтыр қорғанысқа бөлетін қаржысын 12,2 пайызға арттырған. Бұл ел соңғы бес жыл бойы қорғанысқа бөлетін қаржысын үздіксіз арттырып келеді.

XS
SM
MD
LG