Accessibility links

Жұмыссыздық «Қазпошта» арқылы анықталмақ


«Қазақстан 2050» жалпыұлттық қозғалысы өңірлердегі жұмыссыз адамдардың әлеуетін анықтау ісін бастады.

Бұл жайында Азаттыққа түсініктеме берген «Қазақстан 2050» қозғалысының медиа директоры Қанат Әуесбай бастаманың «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында өтетінін айтты.

– «Қазпошта» мекемесімен келісімге келдік. Ауылды жердегі жұмыссыздар қандай жұмысқа тұрғысы келетінін пошта қызметі арқылы бізге жеткізеді. Біз әр аймақтағы жастардың еңбек күшін саралап, оларды денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне тапсырамыз. Осылайша, жергілікті жердегі жұмысшылардың талап-тілектері анықталып, «Нұрлы жол» бағдараламасы аясындағы жұмыстарға шақырылады,– дейді Қанат Әуесбай.

«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша жұмыс істегісі келетіндердің өтініштері 15 наурызға дейін қабылданады.

AzattyqTV

Атыраудағы Наурыз

"Киіз үйге кіргізбеді"

XS
SM
MD
LG