Accessibility links

Қазақстанда жылда екі мыңдай адам ВИЧ жұқтырады


Республикалық СПИД орталығының эпидемиолог дәрігері Алла Елизарьева. Астана, 5 наурыз 2015 жыл.

Республикалық СПИД орталығының эпидемиолог дәрігері Алла Елизарьева. Астана, 5 наурыз 2015 жыл.

Қазақстанда жыл сайын жаңадан екі мыңға жуық адамның ВИЧ инфекциясын жұқтырғаны анықталады деп мәлімдеді бүгін республикалық СПИД орталығының эпидемиолог дәрігері Алла Елизарьева.

- Соңғы бес жылда бізде ВИЧ жұқтыру көрсеткіші тұрақтанып келе жатқаны байқалады. Жыл сайын халықтың 0,01 пайызы, яғни жаңадан екі мыңға тарта адам ВИЧ инфекциясын жұқтырады. 2011 жылдан бері бізде ВИЧ-тің жыныстық жолмен таралуы басым болып келеді. ВИЧ жұқтырғандардың орташа жасы 35-ті құрайды, - дейді Алла Елизарьева.

СПИД орталығы басшысының сөзінше, Қазақстанда ВИЧ жұқтырғандардың 60 пайызы – ерлер. Бірақ былтыр әйелдер арасында ВИЧ жұқтырғандар көбейген.

2014 жылы жаңадан ВИЧ жұқтырғандардың 43 пайызы ерлер, 57 пайызы әйелдер болған.

XS
SM
MD
LG