Accessibility links

Кезектен тыс сайлауға 5,5 миллиард теңге бөлінбек


Алматыдағы cайлау учаскелерінің бірі. 15 қаңтар 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
Алматыдағы cайлау учаскелерінің бірі. 15 қаңтар 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

Қазақстан үкіметі кезектен тыс президент сайлауын өткізуге 5,5 миллиард теңге бөлмекші. Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифингте қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеген.

Қазақстан орталық сайлау комиссиясының наурыздың 5-і күнгі мәліметі бойынша, қазіргі кезге кезектен тыс президент сайлауына кандидаттыққа тоғыз азамат – сегіз ер және бір әйел адам өзін өзі ұсынған. Жас шамасы 30 бен 68 аралығындағы олардың ішінде жеке кәсіпкерлер, қоғамдық бірлестік жетекшілері, жұмыссыз және зейнеткер бар.

Президент сайлауына өзін өзі ұсынған Асқар Сырғабаев кандидаттардың мемлекеттік тіл – қазақ тілін еркін меңгергенін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссия сынағынан өте алмаған.

Сынақтан соң журналистерге берген сұхбатында ол бүгін «алғаш рет қазақша жазғанын» және қазақ тілін «тұрмыстық деңгейде» білетінін айтқан. Сырғабеков қазақ тілінен екі беттік жазба жұмысынан 92 қате жіберген.

Қазақстан заңына сәйкес, президенттікке кандидат мемлекеттік тілді еркін меңгеруі шарт.

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы биыл сәуірдің 26-сында өтеді.

XS
SM
MD
LG