Accessibility links

Савченко әл беретін тамақ ішуге келісті


Украиналық ұшқыш Надежда Савченко Мәскеу сотында. 4 наурыз 2015 жыл.

Украиналық ұшқыш Надежда Савченко Мәскеу сотында. 4 наурыз 2015 жыл.

Ресейде қамауда отырған Украиналық ұшқыш Надежда Савченконың адвокаты Марк Фейгин оның 83 күнге созылған аштығын тоқтатқанын хабарлады.

Марк Фейгин Twitter-де Савченконың "өмір сүру үшін, ұшақпен ұшуды жалғастыру үшін" әл беретін сұйық тамақ ішетіні туралы жазған хатын жариялады. Надежда Савченко "Ресей түрмесінде өлгісі келмейтінін айтқан". Ол хатында жақтастарына алғыс білдіріп, "Мен күресімді жалғастыра берем! Сіздермен біргемін! Күресу үшін маған күш керек" дейді. Украиналық ұшқыш "осы себепті ағзасының тіршілігін сақтауға шешім қабылдағанын" жазған.

Марк Фейгин түрме басшылығы "ұшқыштың дәрігерлер кеңесін тыңдауға шешім қабылдағанын" хабарлаған соң Савченкоға кіріп шыққан.

Украинаның әскери ұшқышы Савченконы өткен жылдың маусым айында Украина шығысындағы ресейшіл сепаратистер ұстап әкетіп, Ресей билігіне тапсырған. Оған "Донбаста ресейлік екі журналистің өліміне қатысы бар" деген айып тағылған. Ресей Батыс елдерінің Савченконы босатуға шақырған үндеулеріне құлақ аспай отыр.

XS
SM
MD
LG