Accessibility links

Ресейде "АҚШ-қа тыңшылық жасаған" полицей сотталды


Мәскеу соты Красноярск өлкесінің полицейі Роман Ушаковты "АҚШ-қа тыңшылық жасады" деп айыптап, 15 жылға соттады. Роман Ушаковты ішкі істер министрілігінің құпия құжаттарын АҚШ Орталық барлау басқармасына (немес ЦРУ) беріп, өтеуіне 37 мың АҚШ долларын алды деп айыпталды.

Айыптаушы тарап сотта тергеушілер ішкі істер министрлігі туралы құпия ақпарат, ақша жасырылған құпия орын туралы мәліметтер мен "ЦРУ-дың хатын" көрсетті. Полицей өзіне тағылған айыпты мойындаған. Сот оны полиция майоры шенінен де айырған.

Роман Ушаковтың соты Ресейдегі "мемлекетке сатқындық жасау", "батыс елдеріне тыңшылық ету" сияқты айыптар бойынша қозғалған істердің бірі саналады. Ақпан айында Вязьма қаласының тұрғыны, жеті баланың анасы Светлана Давыдова "отанына сатқындық жасады" деген айыппен қамалған еді.

Тергеушілер Давыдованың Мәскеудегі Украина елшілігіне телефон соғып, Вязьма түбіндегі әскери базаның сарбаздары Украинаға соғысқа жөнелтілгені туралы хабарлаған. Давыдованың қамалғанына қоғамда жаппай наразылық туған соң оны сотқа дейін босатып қоя берген.

AzattyqTV

30 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG