Accessibility links

Байден мен Яценюк телефонмен сөйлесті


АҚШ вице-президенті Джо Байден (сол жақта) мен Украина премьер-министрі Арсений Яценюк.
АҚШ вице-президенті Джо Байден (сол жақта) мен Украина премьер-министрі Арсений Яценюк.

АҚШ вице-президенті Джо Байден наурыздың 5-інде Украина премьер-министрі Арсений Яценюкпен телефон арқылы сөйлесті.

Телефон әңгімесәнде Байден Донецкіде шахтадағы апаттан кеншілердің қаза табуына орай көңіл айтты.

Байден Яценюкті Жоғарғы Раданың Украина экономикасының оңалуына үлес қосып, елге халықаралық қаржылай көмек тартуды жеңілдететін маңызды реформалар пакетін қабылдағанымен құттықтады.

Ақ үйдің мәлімдеуінше, әңгіме кезінде Байден мен Яценюк ресейшіл сепаратистер Минскіде жасалған қақтығысты тоқтату туралы келісімді бұзып, ЕҚЫҰ бақылаушыларын бақылауындағы территорияларға кіргізуден бас тартып отыр және украин әскері мен азаматтық нысандарға шабуылын тоқтатпай отыр деп алаңдаушылық білдірді.

XS
SM
MD
LG