Accessibility links

Сенат ОСК мүшелерін сайлады


Қазақстан Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлеймен.

Қазақстан Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлеймен.

Бүгін парламент сенаты депутаттары пленарлық отырысында Бақыт Мелдешев пен Ләззат Сүлейменнің Орталық сайлау комиссиясына (ОСК) мүше етіп тағайындалуын бірауыздан қолдап дауыс берді.

Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Конституциясына сәйкес, сенат ОСК-ның екі мүшесін бес жылға сайлайтынын айтты.

Ақпан айында президент Нұрсұлтан Назарбаев Қуандық Тұрғанқұловты ОСК төрағасы етіп қайта тағайындаған. Ол бұл қызметті 2007 жылдан бері атқарып келеді.

Тұрақты қызмет ететін Қазақстан Орталық сайлау комиссиясы құрамында төраға және алты мүшесі бар.

XS
SM
MD
LG