Accessibility links

ЕО Украинаның төрт азаматын санкция тізімінен шығарды


Александр Якименко (сол жақта) мен Виктор Янукович. Киев, 10 қаңтар 2013 жыл.

Александр Якименко (сол жақта) мен Виктор Янукович. Киев, 10 қаңтар 2013 жыл.

Еуропа Одағы (ЕО) Украина қауіпсіздік қызметінің бұрынғы басшылары Александр Якименко мен Игорь Калининге, Украинаның экс-премьері Николай Азаровтың ұлы Алексей Азаровқа, Виктор Януковичтің билігі кезінде президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары болған Андрей Портновқа салынған санкцияның күшін жойды.

Бұл төрт адам «қылмыстық іс-әрекеттері жайлы айғақтардың жеткіліксіз» болуы себепті ЕО санкциясына ілінгендер тізімінен шығарылған.

Сонымен бірге Еуропа Одағы егер алдағы үш айдың ішінде Украина прокуратурасы тағы төрт адамға қатысты айтылып отырған айыптарға нақты айғақ-дәлелдер ұсынбаса, олар да санкция тізімінен шығарылады деп мәлімдеген. Ол төртеудің арасында Украинаның экс-президенті Виктор Янукович пен бұрынғы премьер-министр Николай Азаров бар.

Қазіргі уақытта 2014 жылы наурызда жариялаған Еуропа Одағының санкциялар салу тізімінде мемлекет қаржысын талан-таражға салған, ұрлаған және шетелге заңсыз шығарған деген күдікке ілінген украиналық 18 шенеуніктің аты-жөні бар. ЕО құрамына кіретін 28 елде осы тізімдегілердің барлығының активтері бұғатталған.

XS
SM
MD
LG