Accessibility links

Тұрсынбаева әлем чемпионатында төрттікке енді


Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева Қазақстан чемпионатында.

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева Қазақстан чемпионатында.

Эстония астанасы Таллинде мәнерлеп сырғанаудан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық Элизабет Тұрсынбаева төртінші орын алды.

Қысқа бағдарлама бойынша 55,95, негізгі бағдарламада 117,49 ұпай алған Тұрсынбаева қоссайыс қорытындысында 173,44 ұпаймен алғашқы төрттікке енді. Бұл ұпай - Элизабет Тұрсынбаеваның жеке рекорды.

Тұрсынбаева 2014 жылы Қазақстан чемпионы атанған. Сондай-ақ ол былтыр Аичиде (Жапония) өткен жасөспірімдер арасындағы әлемдік гран-при жарысында қола, қазанда Дрезденде өткен гран-приде күміс медаль иеленген. Бұдан бөлек спортшы биыл Summer Skate Canada (Торонто), Triglaf Trophy (Словения), Gardena Spring Trophy (Италия) және New Years Trophy (Словакия) жарыстарында алтын жүлде жеңіп алған.

Қазақстандық спортшы 2013 жылғы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында 11-орын алған.

15 жастағы жас спортшыны канадалық маман Брайан Орсер жаттықтырады. Орсер — Сочи олимпиадасының чемпионы жапониялық Юдзурю Ханю мен Еуропаның үш дүркін чемпионы испандық Хавьер Эрнандестің де бапкері.

XS
SM
MD
LG