Accessibility links

Польша Украина әскерилерін дайындайды


Польша премьер-министрі Эва Копач (оң жақта) пен Украина ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің басшысы Александр Турчинов. Варшава, 6 наурыз 2015 жыл.

Польша премьер-министрі Эва Копач (оң жақта) пен Украина ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің басшысы Александр Турчинов. Варшава, 6 наурыз 2015 жыл.

Польша украиналық әскери инструкторларды дайындауға көмектеседі деп мәлімдеді Польша үкіметінің баспасөз хатшысы Малгожата Кидава-Блоньска.

Ол мұны жұма күні Варшавада Польша премьер-министрі Эва Копач пен Украина ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің басшысы Александр Турчиновтың кездесуінен соң мәлімдеген.

Өткен аптада Польша мен Ұлыбритания Украина қарулы күштерінің офицерлерін дайындау үшін ол елге әскери кеңесшілердің шағын топтарын жіберулері мүмкін екенін жоққа шығармаған.

XS
SM
MD
LG