Accessibility links

АҚШ ұлттық қауіпсіздік агенттігінің бұрынғы қызметкері, америкалық арнайы қызметтің кейбір құпияларын әшкере еткен Эдвард Сноуден өзіне баспана беруді сұрап Швейцарияға өтініш білдірді.

Ол мұны жұма күні Женевада жұртшылық өкілдеріне көрсетілген Citizenfour («Азамат төрт») деректі фильмінен соң видеобайланыс арқылы айтқан. Жақында АҚШ киноакадемиясының ең беделді сыйлығы «Оскар» жүлдесін алған бұл фильмде Сноуденнің тарихы баяндалады.

АҚШ билігі Сноуденді құпия құжаттарды ұрлады және жұртқа жайды деп айыптайды.

2013 жылы жазда америкалық арнайы қызметтің азаматтардың телефон және электрондық байланыстарына тыңшылық жасайтын арнайы бағдарламалары барын, жария еткен соң АҚШ- тан қашқан Сноуден сол жылы Ресейден уақытша баспана алған. Вашингтон Ресейден оны қайтаруды талап еткен.

AzattyqTV

Кәсіподақ басшысы соты

Елеусіновке таққан айыпты оқыды

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG