Accessibility links

ФСБ: Немцов қазасына күдікті екеу ұсталды


Борис Немцов қаза тапқан жердегі гүлдер мен марқұмның суреті.
Борис Немцов қаза тапқан жердегі гүлдер мен марқұмның суреті.

Ресей федералдық қауіпсіздік қызметінің директоры Александр Бортников ресейлік оппозициялық саясаткер Борис Немцовты өлтірген деген күдікпен екі адамның ұсталғаны туралы мәлімдеді.

ФСБ басшысы бүгін ресейлік «Первый канал» телеарнасына айтқан сөзінде күдіктілердің аты-жөндерін де атады. Оның айтуынша, ұсталған екеу Анзор Губашев және Заур Дадаев деген адамдар.

Ресей оппозициясының жетекшісі 55 жастағы Борис Немцовты ақпанның 27-сі күні кешке Мәскеуде Кремль маңында атып өлтірген.

XS
SM
MD
LG