Accessibility links

Шығыс Украина: қос тарап ауыр қаруды әкеткенін айтады


Дүркіндете ататын "Ураган" атыс қаруын теміржол платформасына тиер алдында. Артемовск маңы, Украина, 6 наурыз 2015 жыл.

Дүркіндете ататын "Ураган" атыс қаруын теміржол платформасына тиер алдында. Артемовск маңы, Украина, 6 наурыз 2015 жыл.

Украинаның шығысындағы қарулы жанжалға қатысушы тараптар Минскіде ақпанның 12-інде жасалған келісім шарттарына сәйкес ауыр қару-жарақтарын қақтығыс аймағынан алысырақ әкеткенін хабарлады. Келісім бойынша, екі тараптардың екеуі де әртүрлі артиллериялық атыс қаруларын 50 километрден 100 километрге дейінгі қашықтыққа әкетулері тиіс.

Келісім талабының орындалғаны туралы ақпаратты Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) миссиясы әлі растаған жоқ. Халықаралық бақылаушылар жанжал аймағына өздерінің еркін баруына кедергі болмауын талап етіп отыр.

Жұма күні Германия сыртқы істер министрі Франк-Вальтер Штайнмайердің ресейлік әріптесі Сергей Лавровпен телефон арқылы әңгімесінде екеуі Украинадағы ЕҚЫҰ миссиясы мандатының мерзімін ұзартып, халықаралық бақылаушылар санын мың адамға дейін ұлғайту қажеттігін айтқан.

XS
SM
MD
LG